Skip to main content
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Центральная көшесі, 50

Call-center
+7 (727) 323-29-91

Біздің өнімдер

КСО2-10

КСО2-10

Ішкі коммутациялық құрылғылар (ІКҚ)

Өтініш қалдыру

КСО2-10 біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары


КСО2-10 біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары (бұдан әрі КСО2-10 камералары) жиі коммутациялық операциялары бар жабық тарату құрылғыларын жинақтауға, шығатын желілерді шамадан тыс жүктеме токтарынан, ҚҚ тоғынан қорғауға, электрмен жабдықтаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған. КСО2-10 камералары оқшауланған немесе доға сөндіргіш реактор арқылы жерлестірілген нейтралы бар жүйелер үшін кернеуі 6(10) кВ, жиілігі 50 Гц үш фазалы айнымалы тоқтың электр желілерінде қолданылады.

КСО2-10 камералары КСО-292, КСО-285 және КСО-272 камераларының орнына қолдану үшін әзірленген және бұрын шығарылған КСО-2 сериялы камералармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие:

  • жоғары механикалық және коммутациялық ресурстары бар заманауи жоғары кернеулі коммутациялық аппараттарды (вакуумды ажыратқыштарды) қолдану есебінен пайдаланудағы жоғары сенімділік;
  • релелік қорғаныс көпфункциялы, шағын габаритті, жоғары сенімді микропроцессорлық блоктармен қамтамасыз етіледі;
  • оперативті ауыстырып қосулар мен жөндеу жұмыстары кезінде қосалқы станция персоналының қате әрекеттерінен коммутациялық жоғары кернеулі аппараттарды сенімді бұғаттауды қолдану, қосалқы тізбектер аппаратурасын камераның күштік тізбектерінен толық оқшауланған бөлек шешілмелі релелік шкафта орналастыру, жиналмалы шиналарды камера ішінде орналастыру және оларды үстінен қорғаныш қайырмалы металл панельмен қоршау есебінен жоғары пайдалану қауіпсіздігі.

СО2-10 біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келеді. КСО2-10 құрама камераларының стандарттарға, сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Сәйкестік сертификатымен расталған (ерікті сертификаттау).

КСО2-10 камераларының негізгі параметрлері

АтауыМәндері
Номиналды кернеу,кВ 6; 10
Ең жоғары жұмыс кернеуі,кВ 7,2; 12
Жиналмалы шиналардың номиналды тогы,А 6630, 1000, 1600
Камералардың негізгі тізбектерінің номиналды тогы, АА 20, 32, 630; 1000; 16001
Жүктеме ажыратқыштары, кернеу трансформаторлары, күштік трансформаторлар
мен сақтандырғыштары бар камералардың негізгі тізбектерінің номиналды тогы,А
630
Камералардың негізгі коммутациялық аппараттарының номиналды өшіру тогы:
вакуумды ажыратқыштар, кА жүктеме ажыратқыштары, кА
20,0; 25,02
10,02
Камераның негізгі тізбектерінің номиналды электродинамикалық төзімділік тогы (амплитуда),кА 51,03
амералардың термикалық төзімділік тогы (3 сек),кА 20,03
Екінші реттік тізбектердің номиналды кернеуі, В 220 220
Оқшаулау түрі Ауа арқылы
Қосылу түрі Кабельдік немесе шиналық
Қызмет көрсету шарттары Біржақты
ГОСТ 14254-96 бойынша қабықшалардың қорғау дәрежесі IР30 - фасад жағынан камераның жоғарғы және төменгі есіктері жабық кезде;
IР00 - камера есіктері ашық кезде және артқы жағынан.

1 Номиналды тогы 1600 А-ден жоғары камералар тек арнайы тапсырыс бойынша дайындалуы мүмкін.
2 Ажыратқыштардың техникалық параметрлеріне сәйкес;
3 Ток трансформаторларының термикалық және электродинамикалық төзімділігі олардың техникалық параметрлеріне сәйкес.


© 2010 - 2026 «КАЗ ЭНЕРГО ПАУЭР» ЖШС. Энергетика және өнеркәсіп шешімдері. Барлық құқықтар қорғалған
Әзірленді: arctika.kz