Біздің өнімдер
К104-КФ сериялы толық тарату құрылғыларының шкафтары
К104 сериялы толық тарату құрылғыларының шкафтары кернеуі 6 кВ және 10 кВ, өнеркәсіптік жиілігі 50 Гц және 60 Гц үш фазалы айнымалы тоқтың электр энергиясын қабылдауға және таратуға арналған әрі бірқатар артықшылықтарға ие:
- әлемдік жетекші өндірушілер шығарған, жоғары механикалық және коммутациялық ресурстары бар заманауи жоғары кернеулі коммутациялық аппараттарды қолдану есебінен пайдаланудағы жоғары сенімділік;
- релелік қорғаныс көпфункциялы микропроцессорлық блоктармен қамтамасыз етіледі;
- оперативті ауыстырып қосулар мен жөндеу жұмыстары кезінде қосалқы станция персоналының қате әрекеттерінен коммутациялық жоғары кернеулі аппараттарды сенімді бұғаттауды қолдану есебінен жоғары пайдалану қауіпсіздігі;
- қосалқы тізбектер аппаратурасын күштік тізбектерден толық оқшауланған бөлек шешілмелі басқару шкафында орналастыру;
- тек мыс шиналарын қолдану;
- кірістердің түрлі нұсқалары қарастырылған: жоғарғы кіріспен (ТҚ қабырғасындағы кабельдік сөрелерден), төменгі кіріспен (кабельдік арнадан), жоғарғы кіріспен (комбинацияланған кабельдік-шиналық кіріс), тапсырыс бойынша кабельдік те, шиналық та басқа кіріс нұсқалары орындалуы мүмкін.
К104-КФ сериялы ТҚУ шкафтары электр станцияларының, энергетикалық жүйелердің электр қосалқы станцияларының және өнеркәсіптік кәсіпорындардың меншікті мұқтаждықтарының тарату құрылғыларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының жауапты тұтынушыларын электрмен жабдықтау объектілерінде қолданылады. Бұл сериядағы шкафтар негізінен К-59 сериялы сыртта орнатылатын толық тарату құрылғыларын (ТҚҰС) жинақтау үшін қолданылады.
К104-КФ сериялы толық тарату құрылғыларының шкафтары Мемлекетаралық ГОСТ 14693-90, ГОСТ 12.2.007.4-96 стандарттарының техникалық талаптарына сәйкес келеді. К104-КФ сериялы шкафтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне үнемі сертификаттаудан өтеді.
К104-КФ сериялы шкафтардың техникалық сипаттамалары мен негізгі орындалу түрлері |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Ең жоғары жұмыс кернеуі, кВ | 7,2; 12 |
| Номиналды кернеу, кВ | 6,0; 10,0 |
| Шкафтардың негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А | 630;1000; 1250; 1600; 2000; 2500; 31501 |
| Кернеу трансформаторлары, күштік трансформаторлар мен сақтандырғыштары бар шкафтардың негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А |
630 |
| Жиналмалы шиналардың номиналды тогы, А | 630;1000; 1250; 2000; 2500; 31501 |
| с уақыт аралығы үшін термикалық төзімділік тогы, кА | 20, 25, 31,52 |
| Негізгі тізбектердің электродинамикалық төзімділігі, кА | 51-812 |
| Қосалқы тізбектердің номиналды кернеуі, В: - тұрақты және түзетілген ток - айнымалы ток |
110, 220, 220 |
1 Кіріс шкафтары үшін;
2 Ток трансформаторларының термикалық және электродинамикалық төзімділік токтары – олардың техникалық құжаттамасына сәйкес.