Біздің өнімдер
КРУ-Атлант сериялы толық тарату құрылғысы
КРУ-Атлант сериялы толық тарату құрылғылары (бұдан әрі КРУ шкафтары) электр станцияларының, подстанциялардың тарату құрылғыларында және өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр қондырғыларында оқшауланған немесе доға сөндіргіш реактор не белсенді қарсылық арқылы жерлестірілген нейтралы бар желілерде номиналды кернеуі 6; 10 кВ, өнеркәсіптік жиілігі 50 Гц үш фазалы айнымалы тоқтың электр энергиясын қабылдауға және таратуға арналған.
КРУ-Атлант сериялы шкафтар сынақтармен дәлелденген көптеген техникалық шешімдерді біріктіреді. Қызмет көрсетуші персонал үшін жабдықтың жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге, конструкторлық шешімдердің сенімділігі мен қарапайымдылығына ерекше назар аударылған.
Артықшылықтары:
- заманауи жоғары кернеулі вакуумды ажыратқышты қолдану есебінен пайдаланудағы жоғары сенімділік пен қауіпсіздік;
- кішірейтілген габариттік өлшемдер;
- шкафтың ішкі элементтеріне фасад жағынан қол жеткізу мүмкіндігі;
- инвентарлық арбаның көмегімен вакуумды ажыратқышты жедел әрі қауіпсіз ауыстыру мүмкіндігі;
- оперативті ауыстырып қосулар мен жөндеу жұмыстары кезінде қосалқы станция персоналының қате әрекеттерінен сенімді бұғаттауды қолдану есебінен жоғары пайдалану қауіпсіздігі;
- қосалқы тізбектер аппаратурасын камераның күштік тізбектерінен толық оқшауланған бөлек шешілмелі релелік шкафта орналастыру, кірістер мен шығыстар шиналарын жоғарғы, төменгі немесе бүйірлік қосу мүмкіндігі;
- бұрандалы көп айналымды редукторлар қолданылғандықтан, ажыратқышты жылжыту және жерлестіруді салу есіктер жабық кезде және күш жұмсамай-ақ жүзеге асырылады;
- заматта әрекет ететін жерлестіргішті қолдану доғаның пайда болу мүмкіндігін болдырмайды;
КРУ сериялы толық тарату құрылғыларының шкафтары ГОСТ 14693, ГОСТ 12.2.007.0, ГОСТ 12.2.007.4, ГОСТ Р55190 мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.
КРУ шкафтарының техникалық сипаттамалары мен негізгі орындалу түрлері |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Ең жоғары жұмыс кернеуі, кВ | 6,0; 10,0 |
| Шкафтардың негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А | 630; 800; 1250; 1600; 2000; 2500;3150; 4000 |
| Жиналмалы шиналардың номиналды тогы, А | 4000-ға дейін |
| КРУ-ға орнатылған ажыратқыштың номиналды өшіру тогы, кА | 40-қа дейін |
| 3с уақыт аралығы үшін термикалық төзімділік тогы, кА | 40-қа дейін¹ |
| Негізгі тізбектердің номиналды электродинамикалық төзімділік тогы, кА | 102-ге дейін¹ |
| Қосалқы тізбектердің номиналды кернеуі, В | =110, =220/~220 |
1) Ток трансформаторларының термикалық және электродинамикалық төзімділік токтары - олардың техникалық құжаттамасына сәйкес