Біздің өнімдер
КСО-292 сериялы біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары
Номиналды кернеуі 6 және 10 кВ, жиілігі 50 Гц айнымалы үш фазалы тоққа арналған КСО-292 сериялы біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары (бұдан әрі КСО) оқшауланған немесе доға сөндіргіш реактор арқылы жерлестірілген нейтралы бар тарату құрылғыларына арналған.
КСО камераларының келесідей бірқатар артықшылықтары бар:
- жоғары механикалық және коммутациялық ресурстары бар заманауи жоғары кернеулі вакуумды ажыратқыштарды қолдану есебінен пайдаланудағы жоғары сенімділік;
- әлемдік жетекші өндірушілердің көпфункциялы, шағын габаритті, жоғары сенімді микропроцессорлық блоктарында релелік қорғанысты орындау мүмкіндігі;
- оперативті ауыстырып қосулар мен жөндеу жұмыстары кезінде қосалқы станция персоналының қате әрекеттерінен коммутациялық жоғары кернеулі аппараттарды сенімді бұғаттауды қолдану есебінен жоғары пайдалану қауіпсіздігі.
Вакуумды ажыратқыштары бар КСО камералары жабық тарату құрылғыларында және жиі коммутациялық операциялары бар электр қондырғыларында қолданылады.
КСО камераларының техникалық сипаттамалары |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Номиналды кернеу (желілік), кВ | 6; 10 |
| Жиналмалы шиналардың номиналды тогы, А | 1250-ге дейін |
| КСО камераларының негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А | 630 - 12501 |
| Жүктеме ажыратқыштары, кернеу трансформаторлары, күштік трансформаторлар мен сақтандырғыштары бар КСО камераларының негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А |
630 |
| Камераның негізгі коммутациялық аппараттарының номиналды өшіру тогы: - вакуумды ажыратқыштар, кА; - жүктеме ажыратқыштары, кА |
20,0;31,52 10,02 |
| Термикалық төзімділік тогы (3 сек), кА | 25,03 |
| Камераның негізгі тізбектерінің номиналды электродинамикалық төзімділік тогы (амплитуда), кА | 51,03 |
| Екінші реттік тізбектердің номиналды кернеуі, В - айнымалы оперативті ток - тұрақты оперативті ток |
220 220 |
| Оқшаулау түрі | Ауа арқылы |
| Қосылу түрі | Кабельдік немесе шиналық |
| Қызмет көрсету шарттары | Біржақты |
| ГОСТ 14254 бойынша қабықшалардың қорғау дәрежесі | IР30 - фасад жағынан камераның жоғарғы және төменгі есіктері жабық кезде; IР00 - камера есіктері ашық кезде және артқы жағынан. |
1 Номиналды тогы 1250 А КСО камералары тек арнайы тапсырыс бойынша дайындалады..
2 Ажыратқыштардың техникалық параметрлеріне сәйкес;
3 Ток трансформаторларының термикалық және электродинамикалық төзімділігі олардың техникалық параметрлеріне сәйкес..