Біздің өнімдер
КСО-366 сериялы біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары
КСО-366 сериялы біржақты қызмет көрсетілетін құрама камералары (бұдан әрі КСО) кернеуі 6 немесе 10 кВ жабық тарату құрылғыларын (негізінен тұрғын үйлерді, сауда, әкімшілік кешендерді және шағын кәсіпорындарды қоректендіретін қалалық ТП) жинақтауға арналған.
КСО кернеуі 6 және 10 кВ тарату құрылғыларының (ТҚ) құрамында қолданылады; КРУ сериялы толық тарату құрылғыларының шкафтары ГОСТ 14693, ГОСТ 12.2.007.0, ГОСТ 12.2.007.4, ГОСТ Р55190 мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.
- жаңа құрылыста;
- кеңейтуде;
- қайта жаңартуда;
- келесі объектілерді техникалық қайта жарақтандыруда:
- қалалық электр желілерінің тарату және трансформаторлық подстанцияларында;
- азаматтық мақсаттағы және инфрақұрылым объектілерінің тарату және трансформаторлық подстанцияларында;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың тарату подстанцияларында;
- қалалық электр көлігі мен метрополитеннің тарту подстанцияларындаа;
- тарату желілерінің 35-110/6-10 кВ және 6-10/0,4 кВ төмендеткіш подстанцияларында.
КСО камераларын қолданудың танымалдығы оларды қолдану орнында тарату құрылғысына монтаждаудың оңайлығымен негізделген. КСО камералары габариттерінің қолайлылығы арқасында бұрыннан бар тарату құрылғыларын модернизациялау мүмкіндігі пайда болады. Аспаптардың шағын орналасуы ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, ал КСО камераларының қорғаныш бұғаттау жүйесінің арқасында жұмысшылар электр тогының соғу мүмкіндігінен сенімді түрде қорғалған.
КСО-366 камераларының негізгі параметрлері |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Номиналды кернеу (желілік), кВ | 6,0; 10,0 |
| Ең жоғары жұмыс кернеуі, кВ | 7,2; 12 |
| КСО камераларының негізгі тізбектерінің номиналды тогы, А | 630 |
| Сақтандырғыштары бар камералардың номиналды жұмыс тогы, А | 20, 32, 40, 50, 80,100, 1601) |
| Жиналмалы шиналардың номиналды тогы, А | 630 |
| Термикалық төзімділік тогы (бір секундтық), кА | 25 |
| Негізгі тізбектердің номиналды электродинамикалық төзімділік тогы, кА | 51 |
| ГОСТ 1516.1-76 бойынша оқшаулау | қалыпты |
| ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалуы және орналастыру категориясы | У3 |
| ГОСТ 14254-96 бойынша қабықшалардың қорғау дәрежесі (фасад жағынан) | IР30 - камера есігі жабық кезде |
1 Номиналды жұмыс тогы жүктеме ажыратқышы сақтандырғышының балқымалы ендірмесінің номиналды тогына сәйкес келеді (160 А - тек кернеуі 6 кВ камералар үшін).