Біздің өнімдер
К-59 сериялы сыртта орнатылатын жиынтықты тарату құрылғысы (КРУН)
К-59 сериялы КРУН номиналды кернеуі 6 және 10 кВ, өнеркәсіптік жиілігі 50 Гц айнымалы үш фазалы тоқтың электр энергиясын қабылдауға және таратуға, сондай-ақ 35/6-10 кВ, 110/6-10 кВ және 110/35/6-10 кВ жиынтықты трансформаторлық подстанцияларды қоса алғанда, подстанциялардың 6 және 10 кВ тарату құрылғыларын жиынтықтауға арналған.
К-59 сериялы КРУН орнату бетон негіздерге жүргізіледі және қандай да бир қосымша құрылыс жұмыстарын талап етпейді. К-59 сериялы КРУН Қазақстан Республикасында қолданылатын СТ АО 990640000421-40-2018 Ұйым стандартының, ГОСТ 14693-90, ГОСТ 12.2.007.4-96 мемлекетаралық стандарттарының техникалық талаптарына, қауіпсіздік және сапа талаптарына сәйкес келеді.
К-59 сериялы КРУН Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сертификатталған: жел жылдамдығы 15 м/с (желдің жылдамдық қысымы 146 Па), ал мұз қату болмаған кезде - жел жылдамдығы 36 м/с-қа дейін (желдің жылдамдық қысымы 800 Па-ға дейін).
КМ-1КФ шкафтарының техникалық сипаттамалары |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Ең жоғары жұмыс кернеуі, кВ | 7,2; 12 |
| Номиналды кернеу, кВ | 6,0; 10,0 |
| КРУН-да қолданылатын шкафтардың түрі (негізгі) | К104 және КМ-1КФ сериялы КРУ шкафтары |
| КРУН-да қолданылатын шкафтардың басты тізбектерінің номиналды тогы, А | 630; 1000; 1250; 1600; 2000; 2500; 3150 |
| Жиынтықтаушы шиналардың номиналды тогы, А | 3150-ге дейін |
| Ток өткізгіш бөліктердің оқшаулауы | Ауалық, оқшауланбаған шиналармен |
| Қызмет көрсету шарттары | Екі жақты, басқару коридорымен |
| Желілік жоғары кернеулі қосылыстардың түрі | Кабельдік, ауалық |
| Шкафтарды басқару түрі | Жергілікті, қашықтықтан |
| ГОСТ 15150-69 және ГОСТ 15543.1-89 бойынша климаттық орындалуы және орналасу категориясы |
У1 - ішінара жылу оқшаулаумен; ХЛ1 - күшейтілген жылу оқшаулаумен |
| ГОСТ 14254-96 бойынша КРУН электр жабдығының қабықшасының қорғау дәрежесі | IP30-дан кем емес |