Біздің өнімдер
КРУ-БМ-КЭП сериялы жиынтықты блоктық модульдер
КРУ-БМ жиілігі 50 Гц өнеркәсіптік айнымалы үш фазалы тоқтың электр энергиясын қабылдау мен таратудың 0,4-10 кВ тарату пункттерін және орташа кернеулі трансформаторлық подстанцияларды ұйымдастыруға арналған.
КРУ-БМ модуліне әртүрлі жиынтықты тарату құрылғыларының нұсқаларын, жиынтықты трансформаторлық подстанцияларды және әртүрлі мақсаттағы электр жабдықтарын орнатуға болады, сондай-ақ кезекші персоналға арналған бөлмелерді ұйымдастыруға болады. КРУ-БМ жоғары техникалық сипаттамаларымен және қызмет көрсету ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
КРУ-БМ кәсіпорынның жұмыс конструкторлық құжаттамасы бойынша ГОСТ 14693-90, ГОСТ 22853-86 стандарттарының, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 2.09.02-85, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 (құрама-жылжымалы типтегі мобильді ғимараттарға қойылатын талаптар бөлігінде) техникалық талаптарын ескере отырып дайындалады. КРУ-БМ ішіндегі электр жабдығы осы бұйымдардың техникалық құжаттамасына және ГОСТ 12.2.007.4-96 қауіпсіздік талаптарына сәйкес орнатылады.
КРУ-БМ қолдану электрмен жабдықтау жүйелерінің мобильділігі мен маневрлілігін арттыруға, электр беріліс желілерінің ұзындығын азайтуға және, сонымен қатар, қорғаныс жүйелерінің жұмыс сенімділігін арттыруға, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін және электр жабдығын пайдалануға беру мерзімдерін азайтуға мүмкіндік береді.
КРУ-БМ техникалық сипаттамалары |
|
| Атауы | Мәндері |
|---|---|
| Ең жоғары жұмыс кернеуі, кВ | 35-ке дейін |
| Кіріктірілген КРУ басты тізбектерінің номиналды тогы, А | ЖК үшін 4000-ға дейін |
| Сыртқы электрлік қосылыстардың түрі | Кабельдік, ауалық (шиналық) |
| ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалуы | УХЛ1 |
| Қоршаған ауа температурасы, °C | -60…+40 |
| Теңіз деңгейінен биіктігі, м | 1000-ден аспайды |
| Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының орташа плюс 15°С кезінде 75% | |
| ҚР ҚНжЕ 2.01.07-85 сәйкес желдің жылдамдық қысымы бойынша I-IV аудандарда; қар жүктемесі бойынша I-IV аудандарға; |
|