Skip to main content
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Центральная көшесі, 50

Call-center
+7 (727) 323-29-91

Біздің өнімдер

ЖТП 25-250 кВА

ЖТП 25-250 кВА

Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (КТҚС)

Өтініш қалдыру

Сыртта орнатылатын КТП-250/10-0,4 кВ жиынтықты трансформаторлық подстанциялары


Жиілігі 50 Гц үш фазалы айнымалы тоқтың 10 кВ дейінгі кернеуіне арналған қуаты 25-тен 2500 кВА дейінгі жиынтықты трансформаторлық және тарату подстанциялары (ЖТП) электр энергиясын қабылдауға, түрлендіруге және таратуға арналған әрі өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттарды электрмен жабдықтауға есептелген.

ЖТП қоршаған ортаның сыртқы әсер етуші факторларына төзімділіктің келесі параметрлеріне ие:

  • қоршаған ауаның температурасы
  • У1 орындалуы үшін - минус 45-тен плюс 40°С-қа дейін;
  • УХЛ1 орындалуы үшін - минус 60-тан плюс 40°С-қа дейін;
  • УХЛ3 орындалуы үшін - минус 25-тен плюс 50°С-қа дейін;
  • теңіз деңгейінен биіктігі 1000 м-ден аспайды;
  • ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғарғы мәні - плюс 25°С температурада 98%;
  • атмосфералық қысым - 86,6-дан 106,7 кПа-ға дейін;
  • МЕМСТ 15150 бойынша атмосфера түрі - II (өнеркәсіптік);
  • қоршаған орта жарылысқа қауіпсіз, құрамында жарылысқа қауіпті шаң,
  • металдар мен оқшаулауды бұзатын концентрациядағы агрессивті газдар жоқ;
  • МЕМСТ 17516.1 бойынша сейсмикалық әсерге төзімділігі - MSK-64 шкаласы бойынша 9 баллға дейін.

ЖТП мұз қату қалыңдығы 20 мм-ге дейін және жел жылдамдығы 15 м/с болғанда (желдің жылдамдық қысымы 146 Па), ал мұз қату болмаған кезде - жел жылдамдығы 36 м/с-қа дейін (желдің жылдамдық қысымы 800 Па дейін) жағдайында жұмыс істеуге жарамды.

Техникалық сипаттамалары

АтауыМәндері
Күштік трансформатордың қуаты, кВА 25; 40; 63; 100; 160; 250; 400; 630; 1000; 1250; 1600; 2000; 2500
Жоғары кернеу (ЖК) жағындағы номиналды кернеу, кВ 6; 10
Жоғары кернеу (ЖК) жағындағы номиналды кернеу, кВ 7,2; 12
Төменгі кернеу (ТК) жағындағы номиналды кернеу, кВ 0,23; 0,4; 0,69
Жинақтаушы шиналардың 1с ішіндегі термикалық төзімділік тогы, кА: 4,0; 6,3; 8,0; 10,0; 12,5; 16,0; 20,0; 25,0; 31,5
4,0; 6,3; 8,0; 10,0; 12,5; 16,0; 20,0; 25,0;
31,5; 40,0; 50,0; 63,0; 80,0; 100,0
Жинақтаушы шиналардың электродинамикалық төзімділік тогы, кА: 10,0; 16,0; 21,0; 26,0; 32,0; 41,0; 51,0; 64,0; 81,0
10,0; 16,0; 21,0; 26,0; 32,0; 41,0; 51,0;
64,0; 81,0; 102,0; 128, 161,0; 204,0; 255,0
Негізгі тізбектердің айнымалы ток жиілігі, Гц 50±1,25
Қосалқы тізбектердің айнымалы ток жиілігі, Гц 50±1,25
МЕМСТ 1516.3 бойынша оқшаулау деңгейі:
 - Құрғақ трансформатормен
 - Майлы трансформатормен
Жеңілдетілген
Қалыпты «б» деңгейі
Осы бөлімдегі басқа өнімдер

© 2010 - 2026 «КАЗ ЭНЕРГО ПАУЭР» ЖШС. Энергетика және өнеркәсіп шешімдері. Барлық құқықтар қорғалған
Әзірленді: arctika.kz